Биыл Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданындағы мектептер жаппай жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданындағы мектептер жаппай жөнделеді

20.02.2023

Биыл Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданындағы мектептер жаппай жөнделеді. Қазір бұл өңірде қырыққа жуық орта білім ошағы бар. Олардың 80 пайызының салынғанына 40 жылдан асып кеткен. Бұған дейін тек ағымдағы жөндеу ғана жасалып келген. Былтыр Тарбағатай қайтадан аудан болып құрылған соң білім саласының бар-жоғы қайта түгенделіп жатыр.

Жөндеу көрмеген тек бұл мектеп қана емес.Тарбағатай ауданындағы орта білім ошақтарының көбі ескі. Ұстаздар өз күштерімен жылда жамап-жасқаған болады. Оның өзінде қасбеті құлап, шатыры әбден тозған.

Маңырақ ауылындағы Ахемет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте қазір 160 оқушы оқиды. Мектеп директорының айтуынша соңғы жылдары бала саны көбейіп келеді. Тек биылдың өзінде дайындыққа 40 бала келген. Бірінші сыныпта солай. 1972- жылы салынған мектеп ғимаратына толық жөндеу биыл жасалмақ.

Бақытхан Тақыров, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің директоры:

Ешқандай күрделі жөндеу болған жоқ. Биыл міне 360 миллионға жобалық құжат тар дайындалып сараптамадан өтіп, биылғы жылы 146 миллионға жөндеу жұмыстары басталады.

Атқарылатын жұмыс әлі шаш етектен. Екі қазандықтың бірі ескіріп тұр. Сыртқы жылу құбыры да жаңаланбағандықтан мектепте қалыпты темпратураны ұстап тұру үшін жұмысшылар отты тоқтаусыз жағады. Бір қыста 400 тоннаға жуық көмір кетеді.

Айбар Оралбекұлы, шаруашылық меңгерушісі:

Бір пешін сұранысқа бергеміз. Біреуі жаңа. Мектептің жылу құбырына жөндеу болмағанына 20 жыл болып кетті.

Ауданда жылу жүйесі жаңаланбаған мектептер көп.Сондықтан орта білім ошақтарын жаңғырту кезең-кезеңмен іске асады. Әуелі шекаралық ауылдар қолға алынбақ.

Дархан Жөргекбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

Шекралық аймақтарда кейбір мектептерімізде спорт залдар мен асханалар жоқ. Соларға басымдық берсек деген ойдамыз.  

Былтыр Тарбағатайда 8 мектептің материалдық базасы толық жаңарған. Ал биыл «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы бойынша екі мектеп толық жөнделмек. 25 жылдан соң қайта құрылған аудан жаңғырту жұмыстарын әуелі әлеуметтік саладан бастап жатыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу