Талдықорған маңында 200 сарбаз парашютпен секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған маңында 200 сарбаз парашютпен секірді

20.02.2023

Талдықорған маңында Десанттық-шабылдау әскерінің жауынгерлері мен офицерлері парашютпен секіру тәсілдерін пысықтады. Аймақтық жаттығуға Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарынан 200-ден астам әскери қызметкер қатысты. Олар қауіпті жаттығуды әскери көліктік авиациясының С-295 ұшағынан ұзақ үзілістен кейін алғаш рет орындады. Алып ұшақтың ұшу жылдамдығы сағатына 180 шақырымды құраса, жауынгерлердің секіру биікті 800 метр болды. Айтуларынша, әдетте тікұшақтан бір взвод қана парашютпен секірсе, әскери ұшақпен бүкіл ротаны қамтуға болады. Бұл өз кезегінде жауынгерлік міндеттемелер ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Талғат Айымханов, бөлім командирі:

Жоғарғы бас қолбасшының ең бірінші резерві болып табыламыз. Сондықтан біз парашюттік секірулерде қорқынышымызды, өз-өзімізді жеңеміз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу