Қазақстанның Әскери әуе күштерінің ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Әскери әуе күштерінің ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секірді

02.08.2015
Қазақстанның Әскери әуе күштерінің ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секірді

Балқаш қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығының базасында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК ұшу құрамымен, іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандарының қатысуымен парашют даярлығы бойынша жиындар өтті.

Ұшқыштар тұңғыш рет рет парашютпен су бетіне секірді. Сөйтіп, су тасқынынан кейін қысылтаяң тіршілік жөніндегі іс-қимылды пысықтады.

Суға парашютпен секірудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Ұшқыш өзінен талап етілетін жоғары моральдық және психологиялық қасиеттер, тәртіп, қауіпсіздік шаралары жөніндегі даярлық және оны сақтай білуі сияқты бірнеше факторлар кешені бойынша сыналады.

«Біздің экипаждар Каспий теңізінен, Балқаш көлінен және басқа да қазақстандық су қоймаларынан ұшып өтеді. Суға секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық курсында қарастырылған», - деді ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің бастығы майор Ержан Әбдіков.  

Хабарламаларға жазылу