АҚШ-тың экс-президенті Үлкен Джордж Буш 90 жылдық мерейтойын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың экс-президенті Үлкен Джордж Буш 90 жылдық мерейтойын атап өтті

13.06.2014
АҚШ-тың экс-президенті Үлкен Джордж Буш  90 жылдық мерейтойын атап өтті
АҚШ-тың экс-президенті Үлкен Джордж Буш  90 жасқа толған мерейтойын парашютпен секіріп атап өтті.
 
Паркинсон ауруына шалдығып, арбаға таңылған Ақ үйдің бұрынғы басшысы  Мэн штатында 1800 метр биіктіктен секірген. Бұл әрекеті арқылы ол қарт адамдар да қиын мақсаттарды алдына қоя білетінін басқаларға жеткізбек болыпты.
 
Үлкен Буш  бұған дейін парашютпен 8 мәрте секірген екен. Ал, алғаш рет экс-президент ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде өзі мінген ұшақ Тынық мұхитында жарылғанда, парашютпен секірді.

Хабарламаларға жазылу