Багам аралдарында «Дориан» дауылынан 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Багам аралдарында «Дориан» дауылынан 30 адам қаза тапты

06.09.2019

Жүздеген адам жоғалғандар санатында. Сондықтан, жергілікті билік табиғи апат құрбандарының саны артуы мүмкін деп отыр.

Дүлей дауыл аралдың астаң-кестеңін шығарып, ғимараттарды үйіндіге айналдырған. Машиналар мен катерлер аударылып, шамамен 13 мың үй қирады. 70 мыңға жуық адам азық-түлік пен ауыз суға зәру. Қазір оларға халықаралық ұйымдар гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Енді «Дориан» сағатына 165 шақырым жылдамдықпен Америка жағалауына беттеп барады. Сондықтан, Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланып, 2 миллионнан астам адамға қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту жіберілді. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу