Қара теңіз бен Жерорта теңізіндегі су тасқынынан зардап шеккендер қиын жағдайға тап болды
Қара теңіз бен Жерорта теңізіндегі дүлей дауыл және су тасқынынан зардап шеккен елдер қиын жағдайға тап болды. Грекияда кейбір курортаттарды су шайған. Скиатос аралында нөсер жауын мен күшті желден туристер арасында танымал әуежай жабылды. Тасқын жүріп, ұшақтар әуе айлағына жақындай алмай жатыр. Полицияның мәліметінше, табиғи апаттан 1 адам қаза тапқан. Хабар-ошарсыз кеткен бірнеше тұрғын іздестіріліп жатыр. Болгарияда да тасқын 2 адамның өмірін қиды. Жүздеген турист қауіпсіз жерге көшірілген.
Бразилия
Ал Бразилияда тропикалық дауыл құрбандарының саны 36-ға жетті. Елдің оңтүстік бөліктерінде үздіксіз нөсер жауып, су тасыған. Табиғи апаттан Рио-Гранд-Сул штаты ең көп зардап шекті. Тасқын күшеюі мүмкін деген үрей бар.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13
Kaspi.kz Джеки Чанның елімізде түсірілетін жаңа фильміне бас серіктес болды
13.07.2026, 20:10