Өскеменде мемлекеттік тілді үйрететін курс ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мемлекеттік тілді үйрететін курс ашылды

16.02.2023

«Кел,сөйлесейік». Өскеменде осындай атаумен мемлекеттік тілді үйрету курсы ашылды. Бастаманы қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтардың өздері көтерген. Атқарушы билік бірден қолдады. Әзірге шаһардың әр бөлігінде 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Сабақ тегін әрі ерекше әдістемемен өткізіледі. Ал мемлекеттік тілін білуге құлшыныс танытқандарға өзе ұлт өкілдері дәріс береді.

«Кел сөйлесейік» курсының ашылғанына көп болған жоқ. Оған қарамастан мемлекеттік тілді үйренуге ниеттілердің саны күн санап артып келеді. Жасы алпыстан асса да құлшынысы басқаларға үлгі боларлықтай.

Галина Колмакова, қала тұрғыны: 

Мен 64 жастамын.Мен қазақша курсқа барамын. Осы курстан қазақ тілін үйренем деген мақсатпен келдім. Жетекшіміздің әдістемесі өте жақсы. Осы курстың жалғасқанын қалаймыз 

Надежда Шушаникова тіл үйретудің әдістемесін әбден зерттеген. 20 жыл тәжірибесі бар маман шәкірттеріне сабақ ең тиімді тәсілмен өткізеді. 

Надежда Шушаникова, оқытушы:

Енді бұл кісілер сабақтан қалмай үйлерінде дайындалып сұхбат құрып. Келіп мені тосқанша қайталап, олардың қызығушылығы ерекше деуге болады. Менде өмір бойы орта болмады дегеніне қарамастан адам сөйлеймін десе ең бастысы ниет. 

Ниетке иек сүйеп жүргендерге оқытушылар тілді үйретудің тағы бір тың тәсілін қолданып жатыр. Бірнеше сабақ өткен соң сол тақырып бойынша тыңдаушылармен тек қана қазақша сөйлейтін маман сұхбат құрады. 

Жанат Жиенбекова, О.Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары:

Орысша білмейтін маманды осы курсқа кіргіземіз. Ол кісі сұхбаттасады. Әңгімелеседі. Таза қазақша. Өйткені олар өздерінің мұғалімдерін үйреніп алды ғой. Орысша айтып береді деп. Ал міне жерде айта аламайды. Тек қана қазақша жауап беруге тырысады.

Қалалық кітапханалар желісінде қазір 15 үйірме ашылды. Барлығы да тегін. Енді ірі кәсіпорындар мен сауда үйлерінен ашуға өтініштер түсіп жатыр. Яғни, алдағы уақытта ұтымды әдістемелік тәсілдермен тіл үйрететін ұстаздарға сұраныс артпақ.

 Қалқаман Сарин, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: 

Әрине бұл жалғасады. Өйткені біз мұғалімдердің өзін осында байқау арқылы аламыз яғни әр мұғалім әдістемелік жоспарымен келсе, қызығушылық танытып, оқушылар тарапынан қызығушылық танытып, түрлі жоспармен келсе. Енді бұның жалғасы болатынына әкімдік тарапынан қаржы бөлініп отыр.

«Кел сөйлесейік» курсына қазір қала бойынша 300 адам қатысып жүр. Олардың қатарында балалар да көп. Егер қазақ тілін үйренуге ықылас танытқандар болса, мемлекет бар жағдайды жасап келеді. Әлі де жасай бермек. 

 Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу