Ердоған: Дүмпу үйлердің астында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған: Дүмпу үйлердің астында болды

15.02.2023

Түркияда зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөзінше, елдің оңтүстігінде жүздеген мың үй тұруға келмейтіндей деңгейде қираған. Сонымен бірге ол қуатты жер сілкінісінен кейін құрылыс ережелерін күшейту қажет деп мәлімдеді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Ақпанның 6-да елімізді бұрын-соңды болмаған жер сілкінісі теңселтті. Басқа зілзалалармен салыстырғанда ол жер бетіне жеті шақырымға жақын жерде болған. Оның күші жүздеген атом бомбасының қуатына тең. Әлемдегі ең ірі зілзалалар мұхиттарда болып, құрлыққа әсер етеді. Ал Кахраманмарашта дүмпу тікелей тұрғын үйлердің астында болды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу