Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды

27.02.2019

Жамбыл жерінен жаңа ғана суыт хабар келіп түсті. Бүгін таңертең ерте Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды. Оқиға орнынан 300 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Бес қабатты үйдің үш қабатындағы бірнеше пәтерге зақым келді. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Алдағы хабарларымызда оқиғаның мән-жайы туралы толығырақ айтамыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу