Түркияда зілзаладан кейін 198 сағат өткенде үйінді астынан үш адам тірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда зілзаладан кейін 198 сағат өткенде үйінді астынан үш адам тірі табылды

14.02.2023

Түркияда зілзаладан кейін 198 сағат өткенде үйінді астынан үш адам тірі табылды.

Кахраманмарашта 17 жастағы жасөсіпірім мен оның 21-дегі ағасы шығарылған. Оларды құтқару операциясы бірнеше сағатқа жалғасты. Дәрігерлер екеуінің денсаулығын тексеру үшін ауруханаға алып кетті. Олардың жағдайы белгісіз. Ал Адыяманда бір жасөспірім 6 қабатты ғимарат үйіндісі астында аман қалған. Құтқарушылар 18 жастағы Мухаммед Джафер Четиннің дауысын естіп, оның жатқан жерін тауып алды.

Бұған дейін зілзаладан 182 сағат өткенде үйінді астынан 13 жастағы бала шығарылды. Жасөспірім жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу