Колумбияда лай көшкіні үйлерді басып, 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда лай көшкіні үйлерді басып, 12 адам қаза тапты

03.11.2021

Колумбияның Маллама қаласында лай көшкіні жүріп, үйлерді басып қалған. 12 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс департаменті хабарлап отыр. Ресми деректерге сай, апатқа төпелеп жауған жаңбыр себеп болған. Соңғы мәліметке қарағанда, үйінді астынан 11 адам тірі табылды. Олардың екеуі жағдайы нашар болғандықтан, ауруханаға жіберілген. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті. Қазір бірқатар елдімекендерде іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.


Хабарламаларға жазылу