Қытайда 10 мыңға жуық жолаушы әуежайда отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 10 мыңға жуық жолаушы әуежайда отыр

13.11.2017

Қытайдың оңтүстік-батысында қалың тұманнан авиациялық рейстер кейінге қалып, 10 мыңға жуық жолаушы әуежайда отыруға мәжбүр. Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы халықаралық әуежайда 50-ге жуық ұшақ ұша алмай қалған. Өйткені, мұнда таңғы сағат 4-те басталған қалың тұман кесірінен 100 метрге көз жеткізу мүмкін емес. Зардап шеккен жолаушыларға ыстық тамақ пен су беріліп, ұшу кестесіндегі өзгерістер хабарланып отыр. Сондай-ақ, билетін өткізіп немесе ауыстырамын деген адамдарға да көмек көрсетіліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу