Алматы әуежайы да «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы да «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр

21.05.2021

Елорданың әуежайынан «Ashyq» қосымшасындағы «қызыл» мәртебесіне байланысты 50 жолаушы ұша алмай қалған. Оларға билет құны қайтарылады,-дейді жауаптылар. Ал, кеше Ashyq-тағы мәртебесін көрсеткісі келмей, төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек. Айта кетейік, кеше «Ashyq» қосымшасы істемей қалған. Цифрлық даму министрлігі мобильді қосымша жүктемеге төтеп бере алмағанын хабарлады. Өйткені, оны қолданушылар 1 жарым миллионнан асқан. Сондықтан, жүктемені азайту үшін «Айту» атты тағы бір бағдарлама іске қосылған.

Хасанғали Ғаппаров, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары: 
Бір күнде мысалы 10 мың болса, келесі күні 20 мың емес 100 мыңға дейін үлкен масштабта келіп жатыр. 

Бүгіннен бастап Алматы әуежайы да «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр. Жүйе 16 мамырда тест түрінде іске қосылған. Содан бері 40 жолаушының «қызыл» және «сары» мәртебесі анықталған. Ал, «Ashyq» қосымшасы ел бойынша 4 мың 300 адамның рұқсат етілмеген жерге барғанын көрсетті. Жақында қосымшаға вакцина алғандар туралы ақпарат енгізіледі. Егер техникалық себеппен қосымша істен шықса, азаматтар әуежайға кіргізіле береді. Сондай-ақ, смартфоны жоқтар төлқұжатын көрсетсе жеткілікті. Қызметкерлер ЖСН нөмірі арқылы тексеріп береді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу