Түркия елшісі қазақстандықтардың қолдауына алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия елшісі қазақстандықтардың қолдауына алғыс білдірді

08.02.2023
Түркия елшісі қазақстандықтардың қолдауына алғыс білдірді

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджидің мәліметінше, жер сілкінісі 10-нан аса провинцияға әсер еткен. Қазір Түркияға 36 мемлекеттен 4 мыңға жуық құтқарушы барған. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Уфук Екиджидің түрік мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі арнайы есеп-шот ашқан, оны әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялады. Қазірдің өзінде 90 мың долларға жуық қаржыны қазақстандықтар жинапты. Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген азаматтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып отыр. Ал, көрсетіп жатқан қолдауға алғыс білдірді.

Уфук Екиджи, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақстандық бауырлар көңіл айтып қана қоймай қаржылай, материалдық көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп жатыр. Осы ретте, зілзала туралы алғашқы ақпарат бергенде алғашқы сәттен бастап Қазақстан президенті, үкіметі, барлық мемлекеттік органдар және қарапайым азаматтар да бізге тілектестік білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді.

Хабарламаларға жазылу