Елбасы Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесін алуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесін алуымен құттықтады

01.04.2016
Елбасы Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесін алуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында  кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Г.Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесіне ие болуымен  құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Г.Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Хабарламаларға жазылу