Өзбек елшісі Елбасы мен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбек елшісі Елбасы мен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

03.09.2016
  Өзбек елшісі Елбасы мен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Қазақстан Республикасындағы Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға еліміздің осындай қайғылы кезінде жылы сөздері мен қолдау білдірген сөздері үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ таңертеңнен бастап елшілікке келіп гүл шоқтарын қойып, бауырлас өзбек халқына көңіл айтқан Қазақстан тұрғындарына да құрметіміз зор», - деді Икром Назаров.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов бақилық болды. Қазір сол елде үш күндік қаралы күн жарияланған.

Хабарламаларға жазылу