Түркия елшісі қазақстандықтарға алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия елшісі қазақстандықтарға алғыс білдірді

23.02.2023

Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 5 миллион доллар жинаған. Бұл туралы бүгін Түркияның еліміздегі елшісі хабарлады. Уфук Екиджидің айтуынша, арнайы шотқа түскен қаржы зілзала салдарын жоюға жұмсалмақ. Сондай-ақ елші жер сілкінісі кезінде 160 мыңға жуық ғимараттың бүлінгенін және 2 мыңға жуық баланың жетім қалғанын жеткізді. Оның айтуынша, Түркия үкіметі оларға қамқор болмақ. Бұдан бөлек, елші Қазақстаннан жақында тағы 100 киіз үй Анадолы жеріне жөнелтілетінін айтты. Еріктілер тобы қазір қажетті қаржыны жинап жатыр. Кейін киіз үйлерді жеткізуге елшілік қолдау көрсетпек. Сондай-ақ Уфук Екинджи қиын қыстау сәтте қол ұшын созған бауырлас елге алғыс білдірді.

Уфук Екиджи, Түркияның Қазақстандағы елшісі:

Қазақстан екі жыл бұрын орман өрті кезінде де қолдау көрсеткен еді. Бұл жолы да жанымыздан табылды. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Біз бауырларымыз көрсеткен ынтымақтастықты, олардың жанкештігін ешқашан ұмытпаймыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу