Стивен Сигал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стивен Сигал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын

04.09.2016
Стивен Сигал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Чолпон-Ата қаласында орналасқан  Мемлекеттік резиденцияда танымал актер Стивен Сигалмен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы актерге Қырғызстанға II Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келгені үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Стивен Сигал  Президентке жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, көшпенді халықтар арасында ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп ала алмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Стивен Сигал Президентке Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын екенін айтты.

Стивен Фредерик Сигал – америкалық киноактер, кинопродюсер, сценарист, кинорежиссер, музыкант (соло-гитарашы) және жауынгерлік өнер шебері  (7 Дан Айкидо).

inform.kz

Хабарламаларға жазылу