Сирияда зілзала құрбандарының саны 1700-ден асты
Ал Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1712 адамға жетті. «Ақ дулыға» ұйымының құтқарушылары марқұмдар бұдан да көп болуы мүмкін деп мәлімдеді. Зілзала үкімет пен көтерілісшілердің бақылауындағы аудандарда болған. Онсыз да инфрақұрылымы қирап тұрған елде құтқару жұмыстарын жүргізу оңай болмайтын түрі бар. БҰҰ халықаралық ұйымдарды Сирияға гуманитарлық көмек жеткізуге үндеп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Түркия мен Сириядағы зілзала аймағында 23 миллиондай адам тұрады деп хабарлады. Кей мәліметтерге қарағанда, марқұмдар саны 20 мыңнан асуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды
13.05.2026, 13:24
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 13:21
Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
13.05.2026, 13:18
Үржар әуежайы жаңғыртылады
13.05.2026, 13:15
Премьер-министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
13.05.2026, 13:12
Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
13.05.2026, 13:09
Алаяқтардың ЖИ-мен жасаған аудиожазбасын әшкерелеуге болады
13.05.2026, 13:06
Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
13.05.2026, 13:03