Полицияға пара бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицияға пара бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылады

06.02.2023

Полиция қызметкеріне пара берген азамат 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Қазір патрульдік полицияның қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, олардың қызметтік автокөлігі мен үй-жайлары ақпаратты автоматты режимде беретін заманауи фиксаторларымен жабдықталған. Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Қаңтарда Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының Полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілді. Тек Астана бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеу 24 мыңға жуықтады. Тексеріс кезінде тәртіп сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас деңгейі, өтініштерге жедел әрекет ету қабілеті бағаланды. Сондай-ақ, қызметкердің киімі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қызметтік планшеттерді, жетондарды, автокөліктерді мақсатты пайдалануы тексерілді.

Әділғожа Құсайынов, ҚР ІІМ ӨҚД басқарма бастығы:

Егер тексеріс барысында полиция қызметкерлерінің пара алу немесе басқа сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасау фактілері анықталатын болса, мұндай қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс-шаралар қабылданатын болады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу