Қызылорда облысында 516 сайлау комиссиясы жұмыс істейді
Қызылорда облысында алдағы Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында 516 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына 152 мандат бөлінген. Үміткерлердің 50 пайызы партиялық, 50 пайызы мажоритарлық жүйемен сайланады.
Ал Мәжіліске аймақтан бір квота қаралған. Қазір аймқтағы сайлау комиссиясының мүшелері арнайы оқу курстарынан өтіп жатыр. Оларға алдағы сайлаудың ерекшеліктері мен заңнамадағы өзгерістер түсіндірілуде.
Әділбек Ерсұлтанов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Қазіргі таңда 492 мыңнан астам осы дауыс беруші азаматтардың саны нақтылануда. Бірақ күнделікті күнде дауыс берушілердің саны өзгеріп отыр. Себебі, қайтыс болғандар бар, көшіп кеткендер бар, әскерге кеткендер бар, сондай-ақ 18-ге толғандар бар, осы азаматтарды нақтылаумен айналысудамыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22