Солтүстік Қазақстанда учаскелік полиция инспекторы 5 жылға бас бостандығынан айрылды
Экс-полицей қылмыс жасалғанын біле тұра, ешқандай әрекет етпегені үшін сотталды. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Жамбыл ауданындағы Бауман станциясының маңында жидек теріп жүрген әйелді аңшы елік деп ойлап атып өлтірген еді. Сергей Лосения қаруды заңсыз пайдаланғаны, абайсызда адам өлтіру дерегі бойынша 3 жылға сотталды. Ал, қылмыскермен бірге аңға шыққан инспекторға прокурор 6 жыл жаза кесуді сұрады. Бұрынғы полицей өз кінәсін мойындамады. Оның айыбы куәгерлердің сөзімен дәлелденді. Аудандық сот оның кішкентай балалары бар екенін және зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткенін ескеріп, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыс құралы – аңшылық қару әлі күнге табылған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16