Ақтөбеде британиялық университеттің филиалы ашылады
Ақтөбеде британиялық университеттің филиалы ашылады. Ол жерге шетелдік студенттерді де тарту жоспарланып отыр. Хериот-Уатт – әлемдік QS рейтингінде үздік 200 университеттің қатарына кіретін Ұлыбританияның байырғы білім ордасы. Келісімге сәйкес, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Мұнай-газ ісі», «ЭлектроЭнергетика» және «Компьютерлік инженерия» мамандықтары бойынша білім береді. Бұдан бөлек Ұлыбританияның Жоғары білім стандарттары мен сапасын тексеретін тәуелсіз орган QAA агенттігімен де келісімге қол қойылды. Оған сәйкес агенттіктің филиалы Қазақстанда ашылып, еліміздегі шетелдік университеттердің сапасы бақылауға алынады.
Лаура Қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры:Осы оқуды үздік аяқтаған кез келген студент екі диплом алады. Дипломмен қатар үйренген дағдылары, білімі мен тәжірибесі студенттерге әлемдік деңгейде бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06