8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
Маңғыстаулық 8 жасар бала 84 кітап оқып үлгерген. Кітапқа құмар жасөспірім Райан Бердігелен Ақтау қаласындағы №33 мектепте 3-сыныпта оқиды. Жас оқырман «Менің атым Қожа», «Біз үшеу едік», «Аңыз әңгімелер», «Достар» сынды шығармаларды оқыған. Көп беттік кітаптарды да бір түнде оқып шығатынын айтады. Жеткіншек болашақта дәрігер болуды армандайды.
Райан Бердігелен, 3-сынып оқушысы:
Мен кітапты оқығым келмей қарамай жүрдім. Сыныптастарым кітапты көп оқып жүргендіктен мен де қызығып оқып көрдім. Содан менің кітапқа деген махаббатым, қызығушылығым ашылды. Оқыған кітаптарымның бәрін мазмұнын түсініп оқимын. Үлкен болғанда сөйлей алмай жүрмейсің, тілің тез жаттығады, минутқа көп сөз оқи алатын боласың.
Өңірдегі облыстық кітапханаға ай сайын 6 мыңға жуық оқырман келіп, рухани қазынадан сусындайды. Соңғы айдың өзінде жаңадан 3 мыңнан астам оқырман тіркелген. Оқырман арасында жаңа романдар мен шетел әдебиеттерінің аудармаларына сұраныс жоғары.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16