9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
Қостанайда 9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, өзара сайысқа түсті.
Облыстық байқауда ұлттық мұраны дәріптеген жас ұрпақ ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншіліктің озық үлгісін көрсетті. Жырда жатқа сайраған 9 мыңнан аса баланың 44-і ақтық кезеңге өтті. Рудный қаласынан келген 9-сынып оқушысы Ұлдана Жүсенбай 98 беттік туындыны мүдірмей жырлап, топ жарды. Жеңімпаз шетелдегі халықаралық жазғы мектепке жолдама алды. Ал жетекшісіне темір тұлпардың кілті табысталды.
Ұлдана Жүсенбай, байқау жеңімпазы:
Ішкі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Байқау қатты қиынға соққан жоқ. Бұл жаттауды, «Алпамыс батыр» жырын 3 айда дұрыс меңгере алдым деп ойлаймын. Бас жүлдені алғаныма өте қатты қуаныштымын.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21