Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
Еліміздегі ең жасыл қала саналатын Таразда «Tаза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды. Бұл жолы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ауласына 500 түп ағаш егілді.
«AMANAT» партиясының аймақтық филиалы бастаған белсенділер университет ауласы алдынан ашылған жаңа саябақты жасыл желекке айналдыруға барын салды. Мәжіліс депутаттары да жер қопсытып, жеміс ағаштарын екті. Студенттер жатақханасының айналасы да көгалдандырылды. Жалпы Таразда сәуір айында «Жасыл белдеу» жоспары бойынша 10 мың түп ағаш егілді. Енді дәл осындай көлемде көшет отырғызу күзге қарай жалғасады.
Мұқаш Ескендіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір қалада мың ағаш отырғызып жатыр. Жаңа онкологиялық облыстық аурухананың қасында да ектік. Бұл елімізді көркейтуге, тазалықты сақтауға, көгалдандыруға қосып жатқан үлес. Қоршаған ортаны қорғау өзіміздің жаңа Конституция, Ата заңымызға кіргеннен кейін осындай іс-шаралар жыл бойы өтуі керек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16