Оралда екі көлік соғылып, бес адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда екі көлік соғылып, бес адам зардап шекті

18.11.2021

Оралда екі көлік соғылып, бес адам зардап шекті. Олардың біреуі - 6 жастағы бала. Барлығы да ауруханаға жеткізілген. Үшеуінің жағдайы ауыр. Баланың миы шайқалып, бас сүйектің жабық жарақатын алған. Оқиға Деркөл кенті ауданындағы айналма жолда болды. «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан «LADA Granta» соққан. Көлік апаты бойынша тергеу амалдары басталды.

Хабарламаларға жазылу