Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті

21.10.2020

Орал қаласында кеше түнде атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша Пойменная көшесінің бойында 20-мен 30 жас аралығында 20 жігіт топтасып төбелескен. Соңында суық қару қолданылып, екі адам жарақат алды. Оның бірі ауыр халде. Ішінен оқ тиген 24 жасар жігітке дереу операция жасалды.Қазір ол жансақтау бөлімінде. Оқыс оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Болатбек Белгібеков, БҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Осы оқиғаға қатысқан адамдар анықталып, біреуінен басқасының бәрі ұсталды. Қазіргі таңда осы адамды ұстауға бағытталған шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚК-тің 293-бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.

Рауан Диәли

Орал атыс

Хабарламаларға жазылу