Қарақия ойпатында мұнай қалдықтарын төккен мекеме қомақты айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақия ойпатында мұнай қалдықтарын төккен мекеме қомақты айыппұл төлейді

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Маңғыстаудағы Қарақия ойпатында мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі табылды.

Ашық-шашық жатқан мұнай қалдықтарын тұрғындардың бірі байқаған. Осы бейнежазбадан соң, экологтар бүлінген аумақтың сол жерде мұнай өндіріп жатқан компанияға тиісілі екенін анықтады. Енді жауапты мекеме қоршаған ортаға келтірген залалы үшін айыппұл төлеп қана қоймай, ластанған жерді залалсыздандырады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу