«Қазақстан халық партиясы» үміткерлерін ұсынды
«Қазақстан Халық партиясының» Алматы қалалық филиалынан Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін тізім жасалды. Оған партияның 42 өкілі еніп отыр. Бір мандатты округтер бойынша үш партия мүшесі ұсынылған. Олар бүгінде аумақтық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып үлгерген. Саяси науқанға қатысты квоталық талап сақталған, тізім арасында 10 әйел бар.
Нұрсұлтан Шоқанов, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы:Ұсынылған кандидаттардың жас шамасы әр түрлі. Ең жасы 21-де. Арасында қоғам белсенділері, спортшылар, кәсіпкерлер бар. Әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар азаматтар бойынша квоталық талаптар сақталды. Халық арасындағы мәселелерді жіті түсінетін, оның шешуіне атсалысатын азаматтар қалалық мәслихатқа депутат болады деген сенімдемін.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркісандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
20.05.2026, 10:00
Димаш Құдайберген Бангладештегі босқындар лагеріне барды
20.05.2026, 10:00
Астанада әлемнің жетекші инженерлері мен өндірушілері бас қосты
20.05.2026, 10:00
Оралда ашық аспан астындағы музей жобасы таныстырылды
20.05.2026, 10:00
Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы
20.05.2026, 10:00
Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында саммит басталды
20.05.2026, 10:00
Конгода Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 136-ға жетті
20.05.2026, 10:00
Қазақстан тарихта алғаш рет Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ассамблеясының А комитетіне басшылық етті
20.05.2026, 10:00