Түркісандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының оқушылары Грекияда өткен робототехникадан халықаралық чемпионатта екінші орынға ие болды. «Open International Championship – 2026» сайысына 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық «Qazygurt» командасы АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркиядан келген бәсекелестерімен сынға түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар «Champions Award» номинациясында үздік деп танылды. Команда халықаралық додаға шамамен бір жыл дайындалған.
Айбек Еркебұлан, оқушы:
Біз өз инновациялық жобамызды таныстырып, сол инновациялық жобамыз арқылы екінші орын алдық десек болады. Бізге сол жер қарсылас болған командалар Румыния, Түркия және Бразилия командалары болды. Бізде алдағы уақытқа жоспарымыз ендігі жылы болатын маусымға толықтай дайындалып және сол сезоннан Хьюстонға жолдама алып, 1-орын алу.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54