Астанада әлемнің жетекші инженерлері мен өндірушілері бас қосты
Астанада әлемнің жетекші инженерлері мен өндірушілері бас қосты. Германия, АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропадан келген сарапшылар Қазақстандағы театрлар мен концерт залдарының техникалық болашағын талқылауда. Енді мәдениет үйлері тек концерт өтетін орын емес, заманауи технологиямен жабдықталған кәсіби алаңға айналуы тиіс. Осы мақсатта түрлі музыкалық аспаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Форумның ерекшелігі сол, мамандар бұл жерде көріп ғана қоймайды, техниканы меңгеру мүмкіндігіне ие болады.
Рустам Мусин, ұйымдастырушы:
Біз концерттерде көретін түрлі шоу-бағдарламаның барлығы осындай заманауи технологияның көмегімен жүзеге асады. Бұл ортада әлемдік деңгейдегі инженерлер бас қосады. Мамандар соңғы үлгідегі технологиялардың қыр-сырын меңгереді. Тәжірибе алмасуға арналған кәсіби орта қалыптастырады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17