Еуразиялық даму банкі Қазақстанға инвестиция құймақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады. Николай Подгузов Мемлекет басшысына банк жұмысының нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті. Әсіресе көлік инфрақұрылымы және логистика, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі. Сондай-ақ Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 миллиард долларға жеткізгенін айтты.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12