Аудиторлар қаржылық есебінде қате жіберген кәсіпкерге екінші мүмкіндік беруге міндеттелді
Аудиторлар қаржылық есебінде қате жіберген кәсіпкерге екінші мүмкіндік беруге міндеттелді. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға енгізілген өзгерістерде осылай деп жазылған. Жаңа нормаға сәйкес, тексеруші анықталған қаржылық қателіктер туралы кәсіпкерге ескертуі тиіс. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда материалдар дауларды реттеудің апелляциялық және сот тәртібі сақталғаннан кейін ғана құқық қорғау органдарына беріледі. Бұған дейін аудиторлар материалды полицияға тікелей беретін. Заң авторлары бұл - негізсіз қылмыстық істерді қозғауға кедергі болады дейді.
Әсет Омаров, ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басқарма басшысы:Аудит нәтижелері бойынша қаржылық бұзушылықтары туралы объектінің кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету міндеттілігі жаңалықтардың бірі болып табылады. Егер кәсіпкерлік субъектілері бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындауға келіспеген жағдайда, оларға мемлекеттік аудит нәтижелеріне апелляциялық комиссияға және сот тәртібімен шағымдану құқығы берілген.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Астаналықтар су үнемдей ме?
20.05.2026, 13:21
Талас өзенінің жағасын тазалады
20.05.2026, 13:18
Мәдениет мамандары ЖИ білімін жетілдіруде
20.05.2026, 13:15
Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаларды арттыруға мүдделі
20.05.2026, 13:12
Бейжіңде Си Цзиньпин мен Владимир Путин саммит өткізді
20.05.2026, 13:09
Қабылданған заңдар – жаңа саяси модельдің негізі
20.05.2026, 13:06
Қос палата 6 заңды мақұлдады
20.05.2026, 13:03
Кения Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды
20.05.2026, 13:00