Ердоған Швецияның НАТО-ға өтуін қолдамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған Швецияның НАТО-ға өтуін қолдамайды

24.01.2023

Швецияның НАТО-ға өтуін Түркия қолдамайды. Қасиетті Құран кітабының өртелуіне қарсы ауқымды шеру өткеннен кейін президент Реджеп Тайып Ердоған осылай деп ескертті. Өткен апта соңында Стокгольмдегі түрік елшілігі жанында нарызылық акциясы өтіп, жиналғандар мұсылмандардың қасиетті кітабын отқа жақты. Сондықтан, Түркия лидері Швецияның Солтүстікатлантикалық альянсқа қабылдануына қарсылық білдіріп отыр.

Айта кетейік, Швеция НАТО-ға кіруге өтінішті Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін берді. Алайда, бұл өтініш қанағаттандырылуы үшін оған Түркияның да келісімі қажет.


Хабарламаларға жазылу