Павлодарда сауда үйі өртеніп, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалды

14.12.2020

Павлодарда сауда үйі өртеніп, 200-ге тарта адам жұмыссыз қалды. Нысан тұрғын үйге жапсарлас салынған. 50-ден аса дүңгіршекті жалын шарпып, құтқарушылар дүкен ішіндегі адамдармен бірге пәтерлердегі 70-ке жуық тұрғынды сыртқа шығарды. Саудасы тоқтап, жұмыссыз қалған 200-ге тарта азаматқа қолдау білдірген жергілікті билік өртенген аумақты тез арада жөндемек. Сауда орыны қалпына келтірілгеннен кейін ғимарат иесі 2 ай бойы арендалық төлем алмауға уәде берді.   

Тамара Чимакина, кәсіпкер:
Құны 2 млн теңгеге жуық тауар жарамсыз болып қалды. Біздің бутикке өрт аса тимеген екен. Енді кәсібін сақтандырғандарға жеңіл болар. Ал, біз жұмыссыз қалмас үшін далада сауда жасауға рұқсат берулерін сұрадық. Қала әкімі келді, бәрі көмектесеміз деп жатыр.

Болат Аманбаев

Павлодар

Хабарламаларға жазылу