Шымкентте үйі өртеніп кеткен көпбалалы анаға халық баспана сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте үйі өртеніп кеткен көпбалалы анаға халық баспана сыйлады

23.01.2023

Шымкент қаласында жалдамалы үйі өртеніп кеткен көпбалалы жесір әйелге жұртшылық қаржы жиып, басыбайлы баспана сыйлады. Алты баласымен қаңтардың қақаған суығында далада қалған отбасы енді екі қабатты жайлы үйде ешкімге жалтақтамай өмір сүретін болды.

Қиын жағдайға тап болған отбасыға алғаш болып еріктілер, журналистер мен қоғам белсенділері көмекке келді. Олардың бастамасымен қайырымдылық есепшоты ашылып, оған 22 миллион теңге жиналған. Жиналған ақша үйден бөлек отбасының несиелерін жауып, жиһаз мен тұрмыстық техника сатып алуға да жетті. Шаһардағы медициналық орталықтардың бірі қайырылымдылық ретінде бұл отбасының балаларына енді тегін қызмет көрсететін болды. Отбасындағы 6 баланы үлкені 13-те, кішісі 2 жаста. Әкелері ішімідікке салынып, отбасын тастап кеткендіктен перзенттерін анасы жалғыз бағып-қағып келеді.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу