Тарыдай баланың таудай таланты
«Есеп шығаратын Ислам», әлем елдерінің туларын жатқа білетін Ерген. Бұл- елге осылай танылып кеткен жас вундеркиндтер.
Ислам Көпбайдың ерекше қабілетін ата-анасы үш жасынан байқаған. Оны ауладағы басқа бүлдіршіндер қызық көріп, үнемі күрделі сұрақтар қояды. Әлеуметтік желіде таралған видео да сондай күндердің бірінде түсірілген.
Гүлнар Қонарбаева, Исламның анасы:
Ауылда көшеге шыққанда балалардың бәрі сұрақ қойып, сөйтіп жүрген. Өзі есеп шығарады да, қосады. Үйде де қыздар үйретеді ғой. Өзінің қабілеті сәл одан да жоғарылау.
Ал балақай барлық адам есепті жақсы шығаруы керек деп санайды. Сондықтан өскенде ұстаз болуды жоспарлап қойыпты.
Ислам Көпбай, Шардара ауданының тұрғыны:
Мектептің директоры боламын. Ал балаларға қосу, көбейту, азайту, бөлу, соның бәрін үйретемін.
Исламға есептеуді ешкім арнайы үйретпеген. Әпкелері сабақ оқыған кезде меңгеріп алыпты. Ата-анасы бүлдіршіннің болашағынан зор үміт күтеді. Әлем елдерінің туларын жазбай, танып отырған Ерген Дүйсенбек небары алты жаста. Оның қызығушылығы да үш жасынан басталған. Бірақ туыстары алғашында бұған аса мән бермедік дейді.
Мәншүк Абылова, Ергеннің анасы:
Ол кезде жаза алмайды. Дыбыстық хабарлама жіберетін. Мынау қандай ту, әке, мынау қандай ту деп. Солай көпке дейін негізі мән бермедік. Содан бастады. Пластилин. Қолына пластилин тисе, осы тулардың бәрін пластилинмен жасайтын.
Ислам ата-анасына қолқа салып жүріп, әлем елдерінің туларын алғызады. Табылмағанын қағазға шығартып, жинап жүр. Өзі бұл өскенде ел басқару үшін керек екеніне сенімді.
-Президент болу үшін қандай болуы керек адам? Қалай ойлайсың?
көп оқу.
-Көп тулар жаттау. Астаналардың бәрін жаттау.
Оның осы қабілетін бағалап, «Зерде» мектебі арнайы грант берген. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі де қабылдап, болашағына сәттілік тіледі.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09