Түркістан мен Жамбыл облыстарында жел электр станциясы салынады.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компанияcымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Президент аталған компанияның бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті. 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыру көзделіп отырғанын айтты. Сондай ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі, «First Abu Dhabi Bank» акционері Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен жүздесті. Ол өз сөзінде екі мемлекет қабылдаған бірлескен декларация, серіктестікті нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті. Тараптар стратегиялық инвестициялық жобалар жасау туралы декларация қабылдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның компаниялар тобын, бірқатар жобаны жүзеге асыруға шақырды.