Қазақстандық велоспортшы Андрей Зейц Қытайда өткен халықаралық жарыста топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық велоспортшы Андрей Зейц Қытайда өткен халықаралық жарыста топ жарды

29.10.2015
Қазақстандық велоспортшы Андрей Зейц Қытайда өткен халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық спортшы Андрей Зейц Қытайда өткен «Хайнань туры» көп күндік жарысының 8-турында мәре сызығын бірінші болып кесті. Павлодар облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасы хабарлағандай, Александр әлемнің 140 спортшысы қатысқан бәсекеде үздіктер қатарына енді.

8-тур 204,8 шақырымға созылды. «Астана» командасының спортшысы А. Зейц мәре сызығын кесер сәтте қарсыласынан екі секундқа ерте жетіп, жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен кейін ол жалпыкомандалық есепте 35-орыннан екінші орынға көтеріліп, ең үздік азиялық спортшының жеңсіз көйлегін алды. Айта кетерлігі, А, Зейц былтырғы жылы бұл турнирде үшінші орын алған еді. «Хайнань туры» биыл оныншы рет өткізіліп отыр.

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу