Қысқы универсиада: Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы универсиада: Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес алтын медаль иеленді

16.01.2023

Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-та өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында топ жарды. Жарыс жолында нысана көздеуден бір рет қана мүлт кетіп, 15 шақырым қашықтықта мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орынды норвегиялық, үшінші орынды франциялық спортшы иеленді. Тағы бір қазақстандық спортшымыз Александр Мухин алтыншы орынға табан тіреді. Қазір жалпы есепте Қазақстан құрамасы 9-орында тұр.Біздің алдымызда Канада, Оңтүстік Корея мен Швейцария спортшылары. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қысқы универсиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп 10-орын алған.

Ламбриан Топузудис


Хабарламаларға жазылу