Универсиада-2023: Жүлдегерлер елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2023: Жүлдегерлер елге оралды

24.01.2023

Бұл елге оралған Универсиада жүлдегерлерін күтіп алу сәті. Жанкүйерлер мен қала жұртшылығы жас спортшыларға құрмет қошамет көрсетті. Олардың арасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бар. Ұлттық құраманың шорт-трек шеберлері мен биатлоншы Вадим Куралес елорда әуежайына ұшып келді. Намысты қолдан бермеген жерлестеріміз 3 алтын, 4 күміс пен 4 қола медальді еншілеп, 11-ші орынға жайғасты. Шорт-трекшілер екі бірдей күміс медаль алды. Біріншісі - 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафетада. Екіншісі - ерлер құрамасының 5000 метрге жүгіру эстафетасы. Бұл сында ел намысын Әділ Ғалиахметов, Санжар Жанисов, Валерий Клименко қорғады.

Әділ Ғалиахметов, XXXI Қысқы Универсиада ойындарының жүлдегері:
Мен Алматыда өткен чемпионаттан қатты жарақат алып қалдым. Емделуге көп уақыт бөле алмадым. Бір аптадан соң бірден АҚШ-қа аттандық. Жеңіліске соның да әсері тиген болар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу