Универсиада-2023: Қазақстандық биатлоншылар екі бірдей жүлде алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2023: Қазақстандық биатлоншылар екі бірдей жүлде алды

19.01.2023

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков чемпион атанды. 10 шақырымдық спринт жарысында ол бір де бір оқты қиыс атқан жоқ. Осылайша ел құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсіп отыр.

Бекентайдан кейінгі екінші орын АҚШ спортшысына бұйырды. Ал үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі. Нәтижесінде осы сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.

Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион болған еді. Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді. Алда Жапония мен Финляндия құрамалары көш бастап тұр.


Хабарламаларға жазылу