Универсиада-2023: Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2023: Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты

17.01.2023

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда 130,1 ұпаймен мәреге жетті.

Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды. Бұған дейін бірінші «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Көш басында Жапония 17 медальмен келе жатса, одан кейінгі орындарда, Франция,Чехия, Испания және Канада тұр. Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу