Универсиада-2023: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар

23.01.2023

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына 11-ші медаль түсті. Оның 3-уі алтын, 4-уі күміс, қалған төртеуі қола.

Биатлоншыларымыз Вадим Куралес, Бекентай Тұрлыбеков пен Данил Васильев алтын медальға ие болды. Александр Мухин, Данил Васильев пен Сергей Ткаченко командалық жарыста биатлоннан екінші орынға табан тіреді. Шорт-тректен аралас эстафетада қыздар командасы мен ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Ал биатлоншы Александр Мухин мен шаңғышы Ксения Шалыгина қола жүлдені қанжығасына байлады. Шаңғы жарысынан қыздар командасы мен хоккейден ерлер командасы үшінші орынға табан тіреді. Айта кетейік, қысқы универсиадаға спортшыларымыз ұлттық студенттік спорт федерациясы атынан қатысып жатыр.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу