Алматыдағы «Барахолкада» қойма өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Барахолкада» қойма өртенді

17.02.2024

Алматыдағы барахолка базарында қойма өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіненің хабарлауынша зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын ғимараттың шатырынан шыққан. Қою қара түтін қаланың әр бұрышынан көрінді. Жетісу ауданы «Көкмайса» ықшамауданының аумағына жақын маңда болған тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден аса маман, 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Қоймадағы тез жанғыш заттардың көп болуы және жол бойына қойылған көліктер жалынды жылдам өшіруге кедергі келтірген. Қойма ішінен 7 газ балоны сыртқа шығарылды. Тілсіз жау 2300 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Жалын екі сағат ішінде толықтай өшірілді. Жақын маңдағы қонақ үй мен көлік жуатын кешенге оттың таралуына жол берілмеді. Өрттің неден шыққаны әзір белгісіз, тиісті мамандар жұмылдырылып, себебін анықтамақ.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу