Қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Биатлоншы Вадим Куралес 15 км қашықтықтағы жекелей сында чемпион атанды. Жарыс жолына 16-шы болып шыққан қазақстандық спортшы нысана көздеуден бір рет қана мүлт кетіп, 42 минут 37 секундта мәреге жетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг Вадимнен 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орын алды. Ал франциялық Аксель Гарнье үздік үштікті түйіндеді. Вадим Куралес оны 1 минут 16 секундқа озып кеткен. Қазақстан атынан осы сынға Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков те сынға түскен еді. Универсиада 2023 қаңтардың 22-не дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыAstana Media Week 2026 басталды
14.10.2026, 19:50
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14