Алматыдан Сенат депутаттығына 4 үміткер қатысып жатыр
Сенат депутаттығына Алматыдан 4 үміткер бақ сынап жатыр. Кандидаттар түгел - әйелдер. Мәслихаттың 38 депутаты дауыс береді.
Жазира Оразқызы, тілші:
Алматыда әйелдердің саяси белсенділігі басым. 4 үміткерге дәл қазір мәслихаттың 38 депутаты дауыс беруді бастап кетті. Алғашында Парламент Сенатының депутаттығына 10 кандидат ұсынылған болатын. Іріктеліп, қазір тек 4 үміткер ұсынылып жатыр. Арасында қоғамдық ұйымның өкілі, мемлекеттік қызметші мен бизнес иесі де бар. Үміткерлердің орташа жасы - 45 жас. Бұл Сенат сайлауы жанама сайлау, яғни оларға барлық халық қатыспайды, ал оларды сайлаушылар - мәслихаттардың депутаттары. Алматы қаласынан Сенат депутаты сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері қалалық Сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді. Жалпы республика бойынша сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01