Депутаттар додасы: Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар додасы: Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

15.12.2022

Сенат депутатының бір орнына 6 үміткер. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Осы жылдың 29-шы қарашасы мен 14-ші желтоқсаны аралығында Парламент Сенаты депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы – 50. Ең жас кандидат ақтөбелік азамат – 30 жаста. Ал ең жасы үлкен үміткер Батыс Қазақстан облысында – 74 жаста. Кандидаттардың 25 пайызы, яғни 33-і - әйел.

 Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін сайлау комиссиялары 49 кандидатты тіркеді. Бәсекелестік барлық өңірде бар. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы күнтізбелік жоспарға сәйкес жеке отырысымызда қаралады. Тіркеу кезеңі 24 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу