Өмірлік мұратқа еш қиындық кедергі емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірлік мұратқа еш қиындық кедергі емес

09.07.2014
Өмірлік мұратқа еш қиындық кедергі емес

Жалпы мүгедектік өмірлік мұратқа еңбекпен жетуге кедергі емес. Тағдыр тауқыметі жігерін жасыта алмаған осындай жанның бірі - Жамбыл облысы Игілік ауылында тұратын Балтабай Дәуірбеков.

Аяғы жарымжан азамат бүгінде Саудакент ауылындағы саз мектебінде ұстаздық етеді. Қазақтың қасиетті домбыра, қобыз сияқты аспаптарында шебер ойнаумен бірге, оларды өз қолымен жасайтын кәнігі шебер.

Балтабай Дәуірбеков шеберханасында өзімен қосқанда 3 адам жұмыс істейді. Олар айына арнайы тапсырыспен жаңғақ, алма, өрік, үйеңкі, қызылағаш, қайың және шыршадан балаларға, ересектерге арнап саз аспаптарын жасайды.

Балтабай Дәуірбеков, Игілік ауылының тұрғыны:

Келешекте ойым өнер мектебі жанынан шеберхана ашу. Соншама үлкен домбыра жасамағанмен, шіңкілдектен бастап, сувенир домбыралар жасау жоспарым бар.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу